01
March
2022
Алғыс айту күні
Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. «Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Атаулы күнге орай Абай атындағы мектеп- гимназиясында білім алушылардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді. Шара барысында жас жеткіншектер өз өнерлері арқылы отанға, отбасына, ұстаздарға деген шексіз ризашылықтарын білдірді.