«Адамзаттың Абайы» атты ғылыми- танымдық күнтізбесінің тұсаукесері болды » Алматинская область Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Версия для
слабовидящих
» » «Адамзаттың Абайы» атты ғылыми- танымдық күнтізбесінің тұсаукесері болды
31
январь
2022

«Адамзаттың Абайы» атты ғылыми- танымдық күнтізбесінің тұсаукесері болды


Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының
кітапханасында ”қазақ тілі және қазақ әдебиеті” пәнінің мұғалімдері В.Кдырбаева мен А.Қаныбекованың ұйымдастыруымен ардагер ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері А.Бекбайқызының «Адамзаттың Абайы» атты ғылыми- танымдық күнтізбесінің тұсаукесері болды.Ұстаздың бұған дейін «Сөнбесін шырағың», «Қара қайрақ» кітаптары мен «Әрбір күнге оймақтай ой» күнтізбесі жарық көрген. Шараны мектеп директоры Т.А.Сайбырова тағылымға толы ұстаздың еңбек жолын таныстырудан бастады. Экраннан жаңа ғылыми-танымдық күнтізбенің видеослабовидящих көрсетілді. 5-сынып білім алушылары хакім Абайдың өлеңдерін оқыды. Одан әрі ұстаздың қызықты да тағылымды әңгімесімен жалғасты.Ұстаз қаламынан шыққан еңбектері мектеп кітапханасының «Қаламгер ұстаз» атауымен ашылған сөреге қойылды.