Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия http://abai-karasai.mektebi.kz/ ru Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия DataLife Engine "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясы http://abai-karasai.mektebi.kz/main/117-taza-azastan-respublikaly-jekologijaly-akcijasy.html http://abai-karasai.mektebi.kz/main/117-taza-azastan-respublikaly-jekologijaly-akcijasy.html https://www.instagram.com/reel/C6QVFi5CFY0/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​]]> https://www.instagram.com/reel/C6QVFi5CFY0/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​]]> admin Sun, 28 Apr 2024 23:55:59 +0600 "Педагогикалық тандем" атты байқауға қатысып 2-ші орын иеленді http://abai-karasai.mektebi.kz/main/116-pedagogikaly-tandem-atty-bajaua-atysyp-2-sh-oryn-ielend.html http://abai-karasai.mektebi.kz/main/116-pedagogikaly-tandem-atty-bajaua-atysyp-2-sh-oryn-ielend.html 05.04.2024 жылы өтілген аудандық "Педагогикалық тандем" атты байқауға 
Тәлімгер: Кдырбаева Венера Ондагановна 
Жас маман: Бисенбаев Арман Габитулы қатысып, бірлескен жұмыс көрсетіп, 2-орын иеленді! 
Құттықтаймыз!
]]>
05.04.2024 жылы өтілген аудандық "Педагогикалық тандем" атты байқауға 
Тәлімгер: Кдырбаева Венера Ондагановна 
Жас маман: Бисенбаев Арман Габитулы қатысып, бірлескен жұмыс көрсетіп, 2-орын иеленді! 
Құттықтаймыз!
]]>
admin Sun, 28 Apr 2024 23:47:11 +0600
Мектеп тарихы http://abai-karasai.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/114-mektep-tarihy.html http://abai-karasai.mektebi.kz/o-detskom-sade/nasha-istorija/114-mektep-tarihy.html Мектеп алғаш ашылған кезде «Қаскелең қазақ мектебі» деп аталып, 1937-1938 оқу жылының 1 қыркүйегінде алғаш рет өз шәкірттерін қабылдай бастаған еді. Ал 1945 жылы ұлы ойшыл, данышпан Абай Құнанбайұлының 100 жылдық мерейтойына орай білім ұясына ақынның аты берілді. Сол кезде Қаскелең қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан қазақ балалары да жаңадан ашылған қазақ мектебінде біліп алады, тіпті Тұрар ауылындағы мектептің жоғарғы сынып оқушылары да қатынап оқи бастайды.
Дәл осы алғашқы қазақ мектебін әу баста үш оқушы ғана бітірген екен. Бір сөзбен айтқанда, Қарасай ауданындағы алғашқы қазақ мектебі ұлт тілін, ділін, тарихы мен шежіресін қаншама қиын кезеңнен аман сақтап, бүгінге жеткізген білім ордасы. Биыл тамыры тереңде жатқан қара шаңыраққа 85 жыл толып отыр.
 
Әрине, сапалы білім беру мен өркендеп дамуға үлес қосқан мектеп басшыларының еңбегі ерен. Солардың ішінде ұзақ уақыт қызмет атқарған директорлар Әбдірахман Байжанов пен Мәрия Мұқанованы атап өтпеуге болмас. Әсіресе, мектепке аға пионер вожатыйлықтан директорлыққа дейін өсіп, зейнетке шыққан Мәрия Хамзақызы ұстаз қауымына 1960-70 жылдары кең насихатталған Ресей, Украина, Белоруссия білім майталмандарының озық идеясын алып, сол уақытта танымал болған Липецк мектебі мұғалімдерінің оқыту әдіс-тәсілін терең зерттеуге, оны сабақ барысында пайдалануға мүмкіндік берген. Білім ұясының мұрағат қорында сақталған мәліметтерде 1979-1999 жылдары директор болған Мәрия Мұқанованың мына пікірі ешкімді бейжай қалдырмас.
«Бұл аудандағы жалғыз қазақ мектебі болды. 1962 жылы қыздар институтынан бір топ қыз тәжірибеден өтуге келдік те, еңбекке араласып кеттік. Содан сатылап, 1979 жылы директор қызметін атқардым. Жалғыз қазақ мектебін сақтап қалу оңай тиген жоқ. Сол үшін интернат ашуға тура келді. Сол кезде 300-370 мектепті сақтап қалдық. Заман өзгергеніне байланысты орыс мектебінен балалар ағылып келді. Өзбекстан, Қарақалпақстан, Арал жақтан 700 балаға жетті. Бұл мектеп тарихында болмаған балалардың саны» деген.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, кадр мәселесіне ерекше көңіл бөлген М.Хамзақызы: «Мен ұзақ жылғы еңбек жолымда мұғалім ретінде мықты, бірақ адам ретінде таяз, сондай-ақ адамгершілігі мықты, бірақ нашар мұғалімді көрдім» дейді. Осылайша, ұстаздық жолда аянбай еңбек еткен Мәрия Хамзақызы білім ордасын мектеп-интернаттан гимназия мәртебесіне дейін көтереді.
85 жылдық мерейтойға жету жолында қаншама қалтарыс-бұлтарыстан өткен қара шаңырақта әр жылдары қызмет еткен басшылардың сіңірген еңбегі зор. Білім ұясына ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының есімі берілген соң, Абай мұрасын терең насихаттауға, зерделеуге мән берілді. Ардагер-ұстаз, абайтанушы Ақылия Бекбайқызы «Абай әлемі» кабинетін ашып, Семейдегі Абай мұражайындағы құнды жәдігерлердің көшірмесін жасатады. Сондай-ақ, өзі ашып, редакторлық еткен «Абай нұры» мектепішілік газеті өскелең ұрпақты шығармашылық ізденіске баулуға, жазуға машықтануға үйретті.
Ал гимназияны 1999-2005 жылдар арасында басқарған Нағима Сағатқызы 1991 жылға дейін Қаскелең ауданындағы 55 мектептің ішіндегі жалғыз қазақ мектебін жаңа сатыға көтерді. 2002 жылы Парламент мәжілісіне мәселені жеткізіп, білім мазмұнын жетілдіруде жаңа табыстарға қол жеткізді. Оқушылар облыстық, республикалық Дарын, ҚҒА қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп «Өзін өзі тану» пәні бойынша республикалық «Бөбек» қорының тәжірибе алаңы болып, республикалық деңгейде бірталай іс-шара атқарды. 2003 жылы РИПТ, АОМКДИ тірек мектебі болып, ұлттық құндылықтарға негізделген кешенді тәрбие жобасы іске асырылды. «85 жылдық ғұмырында айтулы мектептермен бәсекелесе қатар тұрып, жанкештілікпен тәуелсіздікке жеткен мектеп. Бұл мерейтой облыс аясында ғана емес, республикалық деңгейде атап өтілуі керек», – дейді ұстаз.
Сондай-ақ, ақын Шекербек Садықановтың басшылығымен жас ақындар мектебі құрылып, клуб қызметі жанданып, жас буынның жан-жақты білім алуына кең жол ашылды.Тұңғыш рет мектеп-гимназияның жаңа мектеп формасы енгізілді. Гимназия 2002 жылы Т.М.Мажикеевтің басшылығымен облыстық серіктес бес мектептің құрамына енді.
Сондай-ақ, 2005-2013 жылдары мектептің тізгінін қолына алған Мұхамедярова Баян Әбдікерімқызы кезінде қара шаңырақ күрделі жөндеуден өтіп, сыныптар жаңа құрал-жабдықтармен толығып, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Осы игі істің басы-қасында болған Б. Әбдікерімқызы істің көзін тауып, басқа мекемелермен серіктестік орнатып, мультимедиялық кабинет ашып, оны компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етті. Осылайша білім сапасын, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жаңа белеске көтерді дей аламыз. Тіпті, қазақтың маңдайалды қаламгерлері Бердібек Соқпақбаев, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Мағауин, Мариям Хакімжанова, Фариза Оңғарсынова қонақта болып, жас өрендермен өнегелі, өрелі сұхбаттар өткізген кездер еді бұл.
Кейін басшылыққа Тұрсын Әділбекқызының келуі – мектеп-гимназияға тың ізденістер мен жаңа серпін әкелді. Атап айтқанда, робототехника бағытындағы STEM лабораториясы, НЗМ үлгісіндегі заманауи жаңа кітапхана, мектептің 1- қабатындағы жөндеу жұмыстары мен жаңа акт залы ашылып, 2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогикалық идеяларын таратушы тірек мектебі мәртебесіне ие болды. Нәтижесінде республикалық «Үздік мектеп-2021» байқауында «Үздік аудандық мектеп» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Ал мектепке «25 ән, 25 кітап» жобасы енгелі жас буынға ұлттық құндылықтар негізінде тәлім-тәрбие беруде көшбасшылық танытты.
2022-2023 оқу жылынан бері Абай атындағы мектеп-гимназияның тасын өрге домалатып жүрген Айгүл Сатанқызы Кемпірбаева айтулы 85 жылдық мерейтойы қарсаңында білім ордасының тарихын ұлықтау және дәріптеу жұмысына қызу кіріскен. «Мен осы білім ордасының бесінші мектеп директорымын. Әр жастағы буын өкілдері бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеп, өмірлік тәжірибемен бөлісуі өте маңызды. Сондықтан да ұрпақтар сабақтастығы – білім ордамыздың брендіне айналған.
Біз сапалы білім мен шығармашылық ізденісті қатар алып жүреміз. Жетістігіміз өте көп. Оқушылардың шығармашылығын көрсетіп отыратын республикалық «Оқуға құштар» youtube каналы бар. Қуыршақ театрын ашқалы бері Қаскелең қаласындағы балалабақшаларға барып өнерін көрсетіп келеміз. Оқушыларға жан-жақты білім беретін ұстаз құрамы әрқашан да қара шаңырақ Абай атындағы мектеп-гимназиясының абыройын биік ұстауда. Мектеп-гимназияда Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері (М.Мұқанова, Б.Мұхамедярова, К.Ахметова, А.Бекбаева, Н.Сағатова, Ү.Садывакасова ), ҚР Білім Беру ісінің Құрметті қызметкерлері (М.Мұқанова, А.Бекбаева, Б.Мұхамедярова, Н.Сағатова) басқа да жоғары марапаттардың иегерлері еңбек етіп жүр. 2022 жылы мектеп-гимназия тарихында тұңғыш рет «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы атанған тарих пәнінің мұғалімі А.А.Әбішева да біздің мақтанышымыз», – дейді Айгүл Сатанқызы. 
]]>
admin Sun, 28 Apr 2024 22:40:03 +0600
Ауған соғысының 35 жылдығына арналған "Жас мерген" аудандық байқауына қатысып, білім алушыларымыз I орын иеленді. Жетекшісі: Қасымжанов Айтбек Райымбекұлы. Құттықтаймыз! http://abai-karasai.mektebi.kz/main/113-auan-soysyny-35-zhyldyyna-arnalan-zhas-mergen-audandy-bajauy.html http://abai-karasai.mektebi.kz/main/113-auan-soysyny-35-zhyldyyna-arnalan-zhas-mergen-audandy-bajauy.html
 
]]>
admin Fri, 09 Feb 2024 19:58:31 +0600
Абай атындағы орта мектеп -гимназиясының 2023-2024 оқу жылындағы тегін тамақ кестесі http://abai-karasai.mektebi.kz/pitanie/111-abaj-atynday-orta-mektep-gimnazijasyny-2023-2024-ou-zhylynday-tegn-tama-kestes.html http://abai-karasai.mektebi.kz/pitanie/111-abaj-atynday-orta-mektep-gimnazijasyny-2023-2024-ou-zhylynday-tegn-tama-kestes.html




Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында 1-4 сынып білім алушылары 866 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.






]]>
admin Mon, 04 Dec 2023 12:24:28 +0600
Мектептің өзін-өзі бағалау қорытындысы 2022-2023 http://abai-karasai.mektebi.kz/main/87-tuelszdk-merekes-tty-bolsyn.html http://abai-karasai.mektebi.kz/main/87-tuelszdk-merekes-tty-bolsyn.html Мектептің өзін-өзі бағалау қорытындысы 2022-2023]]> Мектептің өзін-өзі бағалау қорытындысы 2022-2023]]> admin Sun, 30 Jul 2023 12:24:21 +0600 2022-2023 оқу жылындағы Абай ОМГ-ның өзін өзі бағалауы http://abai-karasai.mektebi.kz/main/107-mektept-zn-z-baalau-orytyndysy-2022-2023.html http://abai-karasai.mektebi.kz/main/107-mektept-zn-z-baalau-orytyndysy-2022-2023.html
  • 2022-2023 оқу жылындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының өзін өзі бағалауы (ҚР Оқу Ағарту министрлігінің 2022 жылдың 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес)

  • ]]>
  • 2022-2023 оқу жылындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының өзін өзі бағалауы (ҚР Оқу Ағарту министрлігінің 2022 жылдың 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығының 2 қосымшасына сәйкес)


  • ]]>
    admin Fri, 30 Jun 2023 16:37:12 +0600
    Семинар «5Q - табыс кепілі» http://abai-karasai.mektebi.kz/main/88-seminar-5q-tabys-kepl.html http://abai-karasai.mektebi.kz/main/88-seminar-5q-tabys-kepl.html ]]>
    Білім беру ұйымы педагогтерінің білім алушылардың бойындағы жаһандық дағдыларын қалыптастыру мен дамыту бағытындағы кәсіби қызметінің инновациялық-цифрлық озық тәжірибесін ұсыну және тәжірибе алмасу мақсатында Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында «5Q - табыс кепілі» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Абишева Бағлан Қанатқызы, аудан әдіскерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты. Семинарды мектеп-гимназия директоры Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы ашып берді. Семинарда «Ою-өрнек стилизациясындағы анималисттік стиль», «Кіріктірілген сабақта білім алушылардың жетістікке жету коэффиценттерін дамыту», «Ақбілек» және жаһандық  интеллект, «Су-ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі», «5Q және спорт» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді. Мектепке енгеннен бастап жұмыс жүйесінің цифрландыруға көшкені бірден байқалды. Барлық ақпараттар сандық форматта, яғни QR кодтары, сілтемелер арқылы ұсынылды. Instagram және Youtube каналдарында тікелей эфир жүргізілді. Семинар барысында психологиялық тренингтер мен мұғалімдер арасында Activity ұйымдастырылды. Семинар қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.]]>
    admin Wed, 14 Dec 2022 12:36:18 +0600
    “Митридат” командасын марапаттарымен құттықтаймыз! http://abai-karasai.mektebi.kz/main/89-sulejman-demerel-universitetnde-gumanitarly-ylymdar-kafedrasyny-jymdastyruymen-tken-tyry-bik-tuan-el-atty-10-11-synyp-oushylaryna-arnalan-tarih-pndk-olimpiadasynda-oryn-alany-shn-abaj-atynda.html http://abai-karasai.mektebi.kz/main/89-sulejman-demerel-universitetnde-gumanitarly-ylymdar-kafedrasyny-jymdastyruymen-tken-tyry-bik-tuan-el-atty-10-11-synyp-oushylaryna-arnalan-tarih-pndk-olimpiadasynda-oryn-alany-shn-abaj-atynda.html ]]>
    Сулейман Демерель университетінде “Гуманитарлық ғылымдар” кафедрасының ұйымдастыруымен өткен “Тұғыры биік туған ел” атты 10-11 сынып оқушыларына арналған тарих пәндік олимпиадасында ІІ орын алғаны үшін Абай атындағы орта мектеп-гимназияның “Митридат” командасы марапатталады.Құтты болсын!]]>
    admin Mon, 12 Dec 2022 12:56:52 +0600
    Абай орта мектеп-гимназия кітапханашылары Маркаева А., Садирбекова Д. 1-сынып білім алушыларына «Кітапханаға саяхат» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. http://abai-karasai.mektebi.kz/main/90-abaj-orta-mektep-gimnazija-ktaphanashylary-markaeva-a-sadirbekova-d-1-synyp-blm-alushylaryna-ktaphanaa-sajahat-tayrybynda-tanymdy-saba-tkzd.html http://abai-karasai.mektebi.kz/main/90-abaj-orta-mektep-gimnazija-ktaphanashylary-markaeva-a-sadirbekova-d-1-synyp-blm-alushylaryna-ktaphanaa-sajahat-tayrybynda-tanymdy-saba-tkzd.html ]]>

    Абай орта мектеп-гимназия кітапханашылары Маркаева А., Садирбекова Д. 1-сынып білім алушыларына «Кітапханаға саяхат» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Жас оқырмандар кітапханадағы алуан түрлі қызықты әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, кітапқа ұқыппен қарап, оны таза ұстау керек екендігі және кітапхананы пайдаланудың ережелері ұғындырылды. Сабақ соңында кітапханашылар «Сергіту сәтін» ұйымдастырып бүлдіршіндерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
    Кітапханашылар: Садирбекова Д., Маркаева А.]]>
    admin Fri, 02 Dec 2022 13:08:29 +0600