"Мектепке жол" акциясы » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
август
2019

"Мектепке жол" акциясы


         Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның адаматтық парызы. Осыған орай Абай атындағы орта мектеп-гиназиясында «Жүректен жүрекке» атты ұранмен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілуде.
        Акцияның мақсаты – мектепке келуге мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау. Мектеп-гимназмясында көмекті қажет ететін оқушылар анықталды. Акцияның өтілуі барысында әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға демеушілер қаржылай көмек көрсетті. Демеушілер тарапынан акция басталғалы 6 оқушыға мектеп формасы, 5 оқушыға арнайы спорттық киімдер және 5 оқушыға мектеп сөмкесі мен кеңсе тауарлары табыс етілді. Бұл мақсатқа 144000 мың теңгедей қаражат жұмсалды. Көмек алған мектеп оқуышыларының ата-аналары аты аталған демеушілерге алғыстарын білдіріп, үлкен рахметін айтты. Әлі де көмек сұрап, өтініш білдірген жанұялардың жағдайымен танысу үшін рейдтер жүргізіліп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта тағы демеушілердің көмегімен әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға қолдау көрсету жоспарлануда.

Похожие публикации:

20 декабрь 2018 Хабарлама!!!
30 ноябрь 2018 Адал ұрпақ