Семинар «5Q - табыс кепілі» » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2022

Семинар «5Q - табыс кепілі»


Білім беру ұйымы педагогтерінің білім алушылардың бойындағы жаһандық дағдыларын қалыптастыру мен дамыту бағытындағы кәсіби қызметінің инновациялық-цифрлық озық тәжірибесін ұсыну және тәжірибе алмасу мақсатында Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында «5Q - табыс кепілі» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Абишева Бағлан Қанатқызы, аудан әдіскерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты. Семинарды мектеп-гимназия директоры Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы ашып берді. Семинарда «Ою-өрнек стилизациясындағы анималисттік стиль», «Кіріктірілген сабақта білім алушылардың жетістікке жету коэффиценттерін дамыту», «Ақбілек» және жаһандық  интеллект, «Су-ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі», «5Q және спорт» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді. Мектепке енгеннен бастап жұмыс жүйесінің цифрландыруға көшкені бірден байқалды. Барлық ақпараттар сандық форматта, яғни QR кодтары, сілтемелер арқылы ұсынылды. Instagram және Youtube каналдарында тікелей эфир жүргізілді. Семинар барысында психологиялық тренингтер мен мұғалімдер арасында Activity ұйымдастырылды. Семинар қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.