Мектебімізде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқыланды. » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқыланды.
20
сентябрь
2022

Мектебімізде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқыланды.


Қаскелең қаласы бойынша ҚР Президентінің Жолдауын Қазақстан халқына түсіндіру тобының мүшесі, мектеп-гимназия директоры Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы, мектеп-гимназия ұстаздарымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады. Жиынға мектеп-гимназияның 100-ден астам ұстаздары қатысты
Жиында алдағы уақытта іске асырылатын реформалардың бес бағдары талданды. Аталған шара барысында мектеп-гимназия директоры Жолдаудағы білім беру саласына қатысты өзгерістерге тоқталып өтті. Осы орайда әрбір білім алушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатындығы, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатындығы, білім беру гранттарының әртүрлі деңгейде бөлінетіндігі және оның көлемі 30 дан 100 пайыз аралығында болатындығы, жастарға 2-3 пайыздық мөлшерлемемен өз кәсібін ашуға несие берілетіндігі айтылды.
Сонымен қатар жиын соңында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаныбекова Алша Керімханқызы сөз алып, жолдауда ұсынылған шараларды қолдауға, елімізде қордаланған мәселелерді шешу жолдарын талқылауды ұсынды.