«Табыс кілті – білікті ұстазда» атты әдістемелік жинақтың тұсаукесері » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табыс кілті – білікті ұстазда» атты әдістемелік жинақтың тұсаукесері
11
ноябрь
2022

«Табыс кілті – білікті ұстазда» атты әдістемелік жинақтың тұсаукесері

Бүгін Қаскелең қаласындағы Абай орта-мектеп гимназиясы ұстаздарының мақалаларынан құралған «Табыс кілті – білікті ұстазда» атты әдістемелік жинақтың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Балалар шығармашылығын дамытып, жан-жақты дамуы ұстаздарға байланысты екендігі сөзсіз. Осы негізде Абай орта-мектеп гимназиясының ұстаздары заман талабына сай жаңа оқыту үлгілері мен технологиясын қолдана білуді дұрыс жолға қойған. Бұл білім ошағынан аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлдегер атанып жүрген оқушылар да бар. Жетістіктері көп шәкірттерді тәрбилеп жүрген білім ордасы директоры Тұрсын Сайбырованың бастамасымен «Табыстың кілті – білікті ұстазда» атты жинақты жарыққа шығарды. Жинаққа ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында теориялық мен практикалық ғылыми мақалалар мен инновациялық тәсілдер қамтылған тақырыптарды енгізген.Бүгін аталмыш білім ошағының ғимаратында әдістемелік жинақтың тұсаукесері салтанатты жағдайда аталып өтті. Жиынға ауданымыздағы білім саласының ардагерлері Мәрия Мұқанова, Ақылия Бекбаева, Баян Мұхамедирова, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Асель Еркімбаева және мектеп директорлары қатысты. Ақпарат NAQTY.KZ желілік басылымынан алынды.