Наурыз -Ұлыстың ұлы күні » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
март
2021

Наурыз -Ұлыстың ұлы күні

Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен білім алушылар!!!
Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Табиғаттың жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп жеткен, Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін Әз-Наурызбен шын жүрегімнен құттықтаймын!
Ізгі ниетпен мектеп-гимназия директоры: Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы