Республикалық семинар-практикум » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
декабрь
2021

Республикалық семинар-практикум

2021 жылдың 3 желтоқсанында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Абай атындағы орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Білім алушыларда 4К, Soft skills, Hard skills, EQ дағдыларын қалыптастыру мен жетілдірудегі мектептің рөлі» атты семинар-практикум өтті.  Семинар-практикумның негізгі мақсаты білім беру ұйымы педагогтерінің білім алушылардың жаһандық дағдыларын қалыптастыру мен дамыту бағытындағы кәсіби қызметінің инновациялық және озық тәжірибесін ұсыну және тәжірибе алмасу. Семинарға облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Нусипбеков Нұрлан Тұрсынмамедович, Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Нұрсапаева Маржан Маулитайқызы, Апсалямова Тоты Амиргазиновна және Алматы облыстық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.