Тәуелсіз Қазақстанға 30-жыл! » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
декабрь
2021

Тәуелсіз Қазақстанға 30-жыл!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және білім алушылар!
Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Қымбатты ұстаздар, еліміздің биік шыңдарды бағындыруына сіздер болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыру жолында сүбелі үлес қосып келесіздер. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі кемелдене берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін! Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын!
Ізгі ниетпен: Абай атындағы орта мектеп-гимназия директоры: САЙБЫРОВА ТҰРСЫН ӘДІЛБЕКҚЫЗЫ