4 және 9 сыныптардың білім алушыларынан білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 және 9 сыныптардың білім алушыларынан білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу
20
апрель
2022

4 және 9 сыныптардың білім алушыларынан білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Бүгін мектеп-гимназиямыздың 4 және 9 сыныптардың білім алушыларынан білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында  кешенді тестілеу алынды. Тестілеу 4 сыныптар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізілді. Ал 9 сыныптар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер), математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізілді. Тестілеу мектеп-гимназия директоры Сайбырова Тұрсын Әділбекқызының білім алушыларға сәттілік тілеуімен басталды. Тестілеуде бақылаушы болған Уразбаева Жанат Сериковна.