8 НАУРЫЗ күнімен құттықтаймын! » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
март
2022

8 НАУРЫЗ күнімен құттықтаймын!

Асыл әжелер, ардақты апалар, аяулы аналар, сүйікті жарлар, қырмызы қыздар! Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі, той атаулының қызығы мен берекесі – 8 НАУРЫЗ күнімен құттықтаймын! Баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, Қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілеймін!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларымыз бен жақын-жұрағаттарымыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! 💐💐💐