1-қыркүйек білім күні құтты болсын! » Алматы облысы Қарасай ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72771) 2-20-60
Директор:
+7(777) 272-47-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

1-қыркүйек білім күні құтты болсын!


1-қыркүйек білім күні. Күздің алғашқы күнінде мыңдаған бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап, алғашқы ұстаздарымен танысатын күн. Бұл күні оқушылар мен жастарды өз Отаны – тәуелсіз Қазақстанды сүюге, оның лайықты азаматы болуға, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауға ұмтылыс танытуға үйретуге бағыттайтын күн. Бүгін біздің Абай атындағы орта-мектеп гимназиясындада 1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.Жиынға ауданымызға үлкен үлестері қосылған құрметті қонақтар шақырылды. Алғы сөзді мектеп-гимназия директоры Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы алып, барша білім алушылар мен ұстаздар қауымын бүгінгі мерекелерімен құттықтай отырып, осы жылда нәтижелі жетістіктерге жетуге шақырды. Сөз сөйлеген қонақтардың арасында аудан әкімінің орынбасары Сансызбаев Дулат Мұратұлы да болды. Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында 1-қыркүйек білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтар шақырылды.